АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда Gelandewagen тізгіндеген алты жасар баланың видеосы тарады[:]

[:kz]

Әлеуметтік желілерде алты жасар баланың элиталық жол талғамайтын көлікті басқарып отырған видеосы тарап жатыр. Кішкентай баланы көлік рөліне әкесінің отырғызғаны белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Видеодан кадр

Видеодан кадр

Таралып жатқан ролик кадрларынан көлік рөліне баланың өзі отырып, оны басқарып отырғаны анық көрінеді. Болжам бойынша, көлік сағатына 15 шақырым жылдамдықпен қозғалған.

Оңтүстік астананың Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазба өткен жылдың қарашасында түсірілген. Видеоны әлеуметтік желілерге баланың әкесі жариялаған.

Іс-әрекеттің оқу полигонында болғаны белгілі болды. Алайда полиция локацияға қарамастан, мұндай іс-әрекеттердің қауіпті екенін атап өтті.

Ал баланың ата-анасы болса тәртіп бұзғандарымен келісіп, бұдан былай кішкентайларын рөлге отырғызбауға уәде берген. Одан бөлек Алматының құқық қорғау органдары баланың әкесі заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.

Полиция қызметкерлері жол ережелерін қатаң сақтау керектігін жүргізушілердің тағы бір рет есіне салды.

Еске сала кетсек, қарағандылық екінші сынып оқушысы Әрсен Тәпеновтың әлем елдерінің әнұранын, астанасын, туын, тіпті президенттерін жатқа білетіні хабарланған.

 

 

[:]