[:kz]
Алматыда жоғалып кеткен үш жеткіншек суға батып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қала басшысы өзінің Facebook парақшасында жазды.
«Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалып кеткен оқушыларды іздестіруді аяқтады. Өкінішке орай, біз балалардан айырылып қалдық. Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсеғалиевтің қаза тапқаны туралы қайғыра хабарлаймын»,– деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Қала басшысының айтуынша, оқушылар ойнап жүріп, мұзы еріп жатқан суға батып кетіпті.
«Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Біздің балалар мұзы жұқа су айдынында көз жұмды. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерін тергеу жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккендердің отбасыларына қолдан келгенше көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауыма алынды»,- деді әкім.
[:]