[:kz]
Алматыда жас қызды зорлады деп күдіктелген ер адам ұсталды. Полицияның мәлімдеуінше, қайғылы оқиға бір ай бұрын болған. Бойжеткен кешкісін үйіне қайтып келе жатқанда зорлықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ер адам жерасты өткелінен өтпек болған қызға шабуыл жасап, ұрып-соққан. Кейіннен адам көрмейтін жаққа әкетіп зорлады.
Жәбірленуші полицияға хабарласқаннан кейін тәртіп сақшылары сәйкестендіру актісін жасады. Әуезов ауданының полиция бөлімінің басшысы Әлішер Тұрсынбетовтың айтуынша, жәбірленуші болған жағдайды, қайғылы жағдайдың туындауына себеп болғанның бәрін есте сақтай алмаған.
Алайда тергеу барысында маңызды рөл атқарған шабуыл туралы нақты ақпарат берді. Қазіргі уақытта қылмыс жасады деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды. Оның оңтүстік астанада тұрақты жұмысы немесе үйі жоқ. Тек кездейсоқ табыспен күнелтіп келген. Ұсталғаннан кейін ер адам өзінің жасаған әрекетін толық мойындады. Оның айтуынша, шабуыл кезінде ол мас болған. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
[:]