АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді[:]

[:kz]

Оңтүстік астанада карантинге байланысты жаңа шектеулер күшіне енді. Бүгіннен бастап қаладағы негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Коронавирус»қа қатысты жағдай біз ойлағаннан әлдеқайда қауіптірек болды. Қауіпті жете түсінбеу — жауапсыздық және қылмыспен пара-пар. Өкініштісі сол, карантинге немқұрайлы қарап, шектеу шараларын сақтамай, халықтың өмірін қауіп-қатерге тіккен жандар азаймай тұр.

Жұмысын жалғастырып жатқан спорт залдары мен мейрамханалар, санитарлық нормаларды сақтамаған азық-түлік дүкендері анықталды.

Мамандардың сөзіне құлақ аспай, көшеде қыдырып жүрген тұрғындар да бар. Тәртіпке бағынбағандар үшін қатаң шара қолданылады. Бұл ретте төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі қалалық жедел штабтың өкілдері қосымша шектеу шараларын қарастыруда», — деген шаһар басшысы қоғамдық көлік қозғалысының кестесіне өзгеріс енгізілетінін айтты.

Яғни 26 наурыздан бастап, қалада қоғамдық көлік қозғалысы сағат таңғы 6:00-ден кешкі 19:00-ге дейін ғана жүреді.

Сондай-ақ, штабтың шешімімен негізгі сауда нысандары мен қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылады.

«Бұл шешім тек дәріханалар мен медициналық ұйымдардың, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай стансаларының жұмысына шектеу қоймайды», — деді Сағынтаев.

26 наурыздағы жағдай бойынша, елімізде COVID-19 коронавирустық инфекциясы 88 адамнан анықталып отыр.

Бүгін олардың екеуі сауығып, ауруханадан шығады.

Еске сала кетсек, кеше Алматыда тек азық-түлік дүкендері мен дәріханалар ғана жұмыс істейтінін жазған болатынбыз.

 

[:]