АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда кептеліс неге көп болады: Жауапты мекемелер не дейді[:]

[:kz]

Алматы қаласы үлкен мегаполис болғандықтан да көп күтімді, тазалықты талап ететіні белгілі. Күндіз-түні қаланы абаттандыру жұмыстары жүргізіп, қала келбетінің көз тартымды болуы үшін тынымсыз еңбек атқарып жүрген көше тазалаушыларының жұмысы ерен.

Десекте қаланың ірі көшелерін кептеліс болатын уақытта тазалау немесе жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қаншалықты дұрыс? Бұл көше тазалаушылар мен басқа да қызметкерлердің өміріне қауіп төндірмей ме? Бұндай келеңсіздіктерді болдырмаудың амалы не? Осы сынды сансыз сауалымызға Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы Stan.kz тілшісіне жауап берді. 

«Көлік те болсын, жаяу болсын көшеде келе жатқан кісі қолындағы қоқысын кез келген жерге лақтырып кете салады. Оны уақытында алып отырмаса, кешке дейін қала ластанады. Тағы айтарым, көше тазалаушылар топ-топ болып жүрмейді. Әрқайсының өзіне тиесілі аумағы бар. Сол аумақта тазалау жұмыстарын жүргізеді. Көлікте темекі шегіп келе жатып, тұқылын жерге лақтыра салады. Тек темекі емес, қолында не бар соны ойына келген жерге лақтырып кете беретіні жасырын емес. Сол үшінде көшедегі қоқысты теру бөлімнің қызметкерлері қалдықтар мен заттарды жылдам теріп алады», — деп өз мәлімдеді абаттандыру бөлімінің басшысы Данияр Тойлыбайұлы.

Алматы көшелеріне кептеліс уақытында тазалау немесе жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қаншалықты дұрыс?

Алматының жаңбырлы күнінде де жол жиегін сумен шайып жүрген қызметкердерді байқаймыз. Ал бұл қаншалықты қажеті бар дүние деген сұрағымызға:  

«Ол не үшін десеңіз, көшеде ірі жол көліктері жүріп өтеді. Олар жолдың бетін ластап кетеді. Көліктен шығатын осындай қоқыстар мен балшықтар көшеде өте жаман көрінеді. Жаңбыр жауса да, жол тазалау дегенді көбі қабылдай алмайды. Жол жиегіне жабысқан балшықтарды су екпінімен шайып өтпесе болмайды», — деп жауап берді Данияр Тойлыбайұлы. 

Алматы көшелеріне кептеліс уақытында тазалау немесе жол жөндеу жұмыстарын жүргізу қаншалықты дұрыс?

Сондай-ақ қаламызда жол жөндеу жұмыстары кептеліс уақытында да жүргізіле беретіні жасырын емес. Қаламыздың ірі көшелерінде көлік қозғалысын тоқтатып, жөндеу жұмыстарын жүргізудің мәнісін сұрағанымызда:

«Жол таңбалары сызықтарын салу және жол белгілерін орнату жұмыстарын орындайтын мердігерлік ұйыммен кеңес өткізілді. Кеңесте таңғы сағ. 08:00-ден 10:00-ге дейінгі аралықта жұмыс жүргізбеу туралы нұсқау берілді», — деп қысқа қайырды Алматы қалалық жол қозғалысы бөлімінің басшысы Алмас Бимендин. 

 Stan.kz 

[:]