АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда көпбалалы ана алты баласына базарда қайыр сұрауға мәжбүрлеуде[:]

[:kz]

Алматыда алты баласы бар әйел жолда қайыр сұрап жүр. Кішкентайлар күн сайын қол жайып көше кезіп жүретінін көрген тұрғандар бұл жағдай бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанын айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “31 арнаға” сілтеп хабарлайды. 

Алты баласы бар әйел күн сайын жол бойында, қайыр сұрап тұрады. Базардағы әрбір екінші саудагер бұл әйелді білетін көрінеді. Өзін Гүлмира Каюпова деп таныстырған ол баспанасы бар екенін, алты баласын асырау үшін қайыр сұрайтынын айтады.

“Мен әпкеммен тұрамын, бірақ ол күйеуіммен ресми ажырасқаннан кейін маған пәтерді қайта жазуға уәде берді”, – дейді көпбалалы ана Гүлмира Каюпова.

 

Үлкен бала шамамен 10 жаста. Ең кішісі әлі бір жасқа толмаған.

Ал ювеналды полиция мамандары бұл факт туралы ештеңе білмейтінін айтты.

“Мен бұл әйел туралы ештеңе білмеймін. Біз бір күнде кезекшілікте боламыз, менің кезекшілігімде мұндай ештеңе естімедім. Бірақ біз ол жерде рейдтер өткіздік, бірақ мен бұл отбасы туралы ештеңе білмеймін”, – дейді Алматы облысы Қарасай аудандық ПБ кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы Жанна Темірханова.

Жасы бойынша үлкен балалар мектепте оқуы керек. Алайда аудандық білім бөлімінде бізге жергілікті оқу орындарының бірде-бірінде балалар тіркелмегені туралы хабарланды. Ювеналды полиция мен білім бөлімінің қызметкерлері бұл істі бақылауға алуға уәде берді.

[:]