АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда коронавирустың үшінші толқыны басталды: Сағынтаев жағдайдың қиын екенін айтты[:]

[:kz]

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда коронавирус инфекциясының үшінші толқыны басталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

«Менің ойымша, иә. Өткен жылмен салыстырсақ, жазда 250-270 инфекциялық жағдай тіркелсе, бүгінде 450-ге жетіп отыр. Сондықтан да індет қайта өршіді. Коронавирус індетінің етек жаюы қалада ковидтің жаңа штаммын анықтаумен байланысты болып отыр. Қала ашық, адамдар емін-еркін кіріп шығады. Әлемнің 100-ден астам елінде британдық және өзге де коронавирус инфекциясы анықтылды. Сондықтан барлық сақтық шараларын күшейту керек. Жағдай оңай емес. Себебі біз адамдардың сақтық шаралары мен карантиндік талартарды аса сақтамайтынын байқаудамыз. Адамдардың көбісі маскасыз жүреді», — деді Сағынтаев «Алматы» телеарнасының тікелей эфирінде. 

 

Сондай-ақ, шаһар басшысы коронавирус індетінің жаңа мутациясы туралы айтты. 

«Вирус өткен жылдан бері біз үйренгендей емес басқа. «британдық» және «оңтүстікафрикалық» шаммының репродуктивті көрсеткішіне қарасақ ол көп адамды жұғады және оның әсері де өте қиын. Бүгін таңертеңгі статистикаға сүйенсек, 510 коронавирус жағдайы тіркелді, оның 417-і симптомды белгісімен. Бұрын індетті жұқтырғандардың арасында симптомсыз белгі көп болса, қазір жағдай басқаша», — дейді ол. 

Айта кетейік, қала басшысы Алматыдағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты жұртты толғандырған сұрақтарға жауап беріп жатыр. 

[:]