[:kz]
Алматы тұрғындары бірнеше күннен бері аптап ыстықтың азабын тартуда. Күннің қатты ыстық болғаны соншалық, тіпті көшеде асфальт балқып кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram
Асфальттің еріп кеткен «айрықша» суретін қала тұрғындарының бірі Twitter желісінде жариялаған. Онда ол:
«Тимирязев көшесінде асфальт еріп кетті», — деп жазған.
Ол бұл хабарламаны Бақытжан Сағынтаевқа жолдаған.
Айта кетейік, қалада бірнеше күннен бері ауа температурасы 36-38 ыстықты көрсетіп тұр.
Алматы қаласының мобильділік басқарма өкілдері мән-жайды NUR.KZ-ке түсіндірді.
«Қазіргі таңда мамандандырылған зертханада қосымша сынақтар жүргізіліп жатыр, оның нәтижесі бойынша қосалқы мекеме қаражаты есебінен тиісті шаралар қолға алынатын болады», — деп түсіндірді олар.
[:]