[:kz]
Алматыда 31 шілде мен 2 тамыз аралығында қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бас санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес мереке және демалыс күндері 31 шілде, 1-2 тамыз күндері Алматыдағы қоғамдық көліктердің, оның ішінде метроның жұмысы тоқтатылады», — деді Алматы көлік холдингінің баспасөз қызметі.
5 шілдеден 2 тамызға дейін Қазақстан кеңейтілген карантиндік шараларды енгізді, 29 шілдеде Қазақстан Президенті карантинге шектеулерді тағы екі аптаға — 17 тамызға дейін ұзартты.
Бұған дейін Алматы әкімдігі Алматыдағы қоғамдық көліктердің қозғалысы тек мереке және демалыс күндері ғана толығымен тоқтайтынын хабарлады. Жұмыс күндері оның жұмысы бір сағатқа қысқарады.
[:]