АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда лифт түймелеріне түкірген азамат ұсталды[:]

[:kz]

Алматыда лифт кнопкасына жалғасқан бұзақы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды тілшісі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеп хабарлайды

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде белгісіз ер адамның лифт түймесіне түкірген бақылау камерасына түсіп қалған видеосы желіде қызу талқыға түскен еді.  Бұзақы табылды. Ер адамның заңсыз әрекеттері «Алатау сити» тұрғын үй кешеніндегі кіреберістің бірінде орнатылған бейнебақылау камерасының объективіне түсті.

«Оның жеке басы анықталды,ол «ұсақ бұзақылық» көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша полицияға жеткізілді және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шешім қабылдау үшін іс материалдары сотқа жіберілді», — деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, құқық бұзушы өкініп, қоғамнан кешірім сұрады.

«Қатты ашу үстінде лифт түймесіне түкіргенімді мойындаймын. Осыған байланысты тұрғын үй кешенінің тұрғындары алдында кешірім сұраймын», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда лифт түймелеріне түкірген азаматтың видоесы Қазнетте қызу талқыға түскенін жазған едік.

[:]