АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда мектеп ұстазы оқушыны ұрып, сыныптастарының көзінше ұятқа қалдырған[:]

[:kz]

Алматыда музыка пәнінің ұстазы оқушыны ұрып, оны сыныптастарының көзінше ұятты жағдайға қалдырған. 11 жастағы баланың ата-анасы мектептен 5 миллион теңге өтемақы талап етіп, сотқа жүгінген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Зардап шеккен баланың анасы музыка пәнінің мұғалімі оқушының құлағынан ұрып, оны “жылауық қызға” теңегенін жеткізді. Оқиғадан кейін педагог жұмыстан босатылыпты, алайда 11 жастағы ұл бала басқа да ұстаздар мен сыныптастарының мазағына ұшыраған. 

“Біз оны осы жылдан бастап басқа мектепке ауыстырдық. Мұғалімді келесі күні жұмыстан шығарғанымен, балам сыныптастары мен басқа ұстаздар тарапынан қысым көрген. Педагогтар оны 1үйіңе әңгіме тасып бардың, сен үшін ұстаз жұмыс орнына айырылды” деп айыптаған”, – дейді жәбірленушінің анасы Гүлшат Нүрпейсова. 

Оқушыны ұрған ұстаз қызметінен қуылып, айыппұл арқалаған. Дегенмен оқушының ата-анасы мектеп ұжымының әрекетіне наразы болуда. Сондықтан олар сотқа жүгініп, білім ордасының әкімшілігінен 5 миллион теңге көлемінде өтемақы талап етуде. Егер сот шағымданушы тараптың арызын қанағаттандырса, бұл ақша қайырымдылық шараларына жұмсалмақ. 

Мектеп әкімшілігі мәселе шешілді деп ойлағандарын айтады. Соттан хабарлама келгенде төбемізден жай түскендей болды дейді олар. 

“Жалпы, бізде ойламаған жерден шу шықты, бұған дейін мұндай жағдай мектепте мүлдем болмаған. Ұстаздың баланың ұрғаны рас, әрине, ол баланы қалжыңдап ұрған деп ақтап алуға болар еді. Бірақ оқытушының бұл әрекеті шектен шыққандық. Әділдік тұрғысынан мұндай жағдай заң жүзінде шешілгені дұрыс деген оймен сотқа сеніп отырмыз”, – дейді Жәния Әубәкірова мектебінің трансформациялық, әкімшілік процестерінің жетекшісі Алмас Сапарғалиев. 

[:]