[:kz]
Алматы әкімдігі қаладағы қоғамдық тамақтану орындары, діни орталықтар мен қонақ үй кешендері әлі ашылмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Шектеу шаралары бірте-бірте қаланың эпидемиялогиялық жағдайына байланысты алынады екен.
«Бизнес қоғамдастықтың өкілдерімен 25 мамырдан бастап ұйымдардың жұмысын қайта іске қосу туралы талқыланып жатыр. Мекемелердің барлығында санитарлық-эпидемиялогиялық шарттар сақталатынын ескертеміз», — деді қала әкімдігінің өкілдері.
Бұған қоса әкімдіктегілер Алматыда халықты жаппай коронавирусқа байланысты тестілеуден өткізу жүріп жатқанын және 18 мамырдан бастап кейбір қызмет нысандарының жұмысын қайта іске қосу туралы айту әлі ерте екенін алға тартты.
«Барлық жұмыс нысандарында карантин тәртіптерінің сақталуы маңызды. Жұмыс беруші тарап жұмыс істейтін қызметкерлердің санын өздері шешеді», — деп қосты әкімдіктегілер.
Атап кетерлік жайт, Алматыда коронавирус жұқтырғандардың саны 1 678 болып отыр, жалпы Қазақстанда індетке шалдыққан 5 571 науқас тіркелген.
Бұған дейін 18 мамырдан бастап дәмхана, қонақ үй, мешіттер мен шіркеулер ашылатыны жайлы сөз болған еді.
[:]