[:kz]
23 қыркүйекте ер адам өгей балсасын ұрып, ауруханаға түсірген еді. Өзі қамауға алынып, кінәсін мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы денсаулық сақтау басқармасы екі жасар баланың үш күннен бері комадан шықпағанын хабарлады.
Күдікті баланың анасымен азаматтық некеде тұрады, бір ай бұрын олар Алматы облысынан қалаға көшіп келген. Көкқайнар ықшамауданынан пәтер жалдап тұрады.
Сол күні бала ауруханаға ауыр жағдайда түсті.
«Оның жағдайы өте ауыр. Ешқандай өзгеріс жоқ», — деп хабарлайды Алматы денсаулық сақтау басқармасы.
Балаға ауыр жарақат диагнозы қойылды. «Мидың жабық травматикалық жарақаты. Мидың ауыр жарақаттануы. Ми сынуы. Сол жақ жарты шардың субдуральды гематомасы, жаппай субарахноидты қан кету, церебральды ісіну; дислокация синдромы; мидың диффузды аксональды зақымдануы. Кеуде жарақаты. Кеуде органдарының жарақаты. Іштің жарақаты. Бірнеше жұмсақ тіндердің көгеруі, беттің тері астындағы гематомалары. III дәрежелі тыныс жетіспеушілігі. III дәрежелі травматикалық шок. III дәрежелі церебральды шок» диагноздары қойылды.
Төтенше нұсқаулар, бас сүйегінің декомпрессионды трапанациясы, субдуральды гематоманы алып тастау бойынша балаға ота жасалды.
Қазіргі уақытта бала механикалық желдетуде комада жатыр, жағдайы өте ауыр. Қарқынды ем алуда.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда өгей әкесінің 2 жасар баланы сабап тастағанын, бүлдіршіннің комада жатқанын хабарлаған едік. Өгей әкесінің 2 жасар баласын неліктен өлімші етіп сабағаны белгілі болды.
[:]