АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Алматыда салынған крематорий құрылысына қанша қаражат жұмсалды – Әкімдік құнын атады[:]

[:kz]

 

Алматы қаласының әкімдігі қалалық крематорий құрылысына қанша қаражат жұмсалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтемен.

«Мемлекет қаражатынан 1 527 670 000 теңге бөлінді», – делінген әкімдік мәлімдемесінде.

Крематорий 0,71 гектар жер телімінде орналасқан. Нысан екі кремация пешімен, тиеу жабдығымен, күлді өңдеуге арналған жабдықпен және кремация желісін басқару жүйесімен жабдықталған.

«Алатау ауданы, Ақын Сара көшесі, 2-ЖЭО шығысы мекенжайы бойынша патологоанатомиялық бюрода құрылыс жүріп жатыр. Бұл аса қауіпті инфекциялардан қайтыс болған адамдардың мәйіттерін зерттеуді және оларды кремациялауды бір ғимаратта жүргізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді, оның ішінде пештерді пайдалану үшін газбен жабдықтау желісін тарту жұмыстары атқарылуда», — деді әкімдікте.

Нысан екінші типтегі крематорий болады – мұндай жерлер қоштасу рәсімін өткізу мүмкіндігі бар кремацияға ғана арналған. Крематорийдің жұмыс істеу және өлгендерді кремацияға қабылдау ережелері әлі әзірлену үстінде.

Крематорийді іске қосудың болжамды күні – осы жылдың мамыр айы деп күтілуде.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда крематорийдің құрылысы аяқталғаны туралы жазылған.

[:]