[:kz]
Алматы полициясы Alma University ЖОО-ның автотұрағында студенттер арасында болған төбелесті тергеп жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews тілшісі.
«Дүйсенбіде, 16 қазанда, шамамен таңғы 10:00-де автотұрақта үшінші және бірінші курс студенттері арасында жанжал шыққан. Оқиға орнына «Буран» экипажы барды. Төбелеске қатысқандардан арыз түскен жоқ. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 2-бөлігі («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі біріңғай реестрге тіркелген. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталатын болады», — деді Алматы ІІД баспасөз қызметі.
Полиция мәліметінше, студенттердің жазған түсініктемесінде олардың арасында жанжал шыққаны жазылған.
Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған ешкім жоқ. Олардың тек денесі сырылған.
[:]