[:kz]
Алматыда бомба орнатылғаны туралы хабарламадан кейін «Metro» сауда орталығы мен әкімшілік ғимараттан адамдар эвакуацияланды деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Басылымның мәлімдеуінше, күзет басшысының электронды поштасына ғимараттардың біріне бомба орнатылғаны туралы хабарлама келген.
Нәтижесінде, әкімшілік ғимаратпен сауда орталығындағы адамдарды эвакуциялау шешімі қабылданған.
Оқиға орнына жедел қызметтер келіп жетті.
Әзірге олар оқиғаға қатысты мәлімдеме жасаған жоқ.
Оқиға куәгерлері сауда орталығының маңында орын алған арпалысты камераға түсіріп алған.
[:]