АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда тәрбиеші ақша алу үшін балабақшадан кішкентай ұлды ұрлап кете жаздады[:]

[:kz]

Алматы полициясы балабақшадан кішкентай ұлды ұрлай жаздаған әйелді ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қаладағы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Күдікті әйел өз тұлғасын жасыру үшін қанша тырысқанымен, біз оның кім екенін бірден анықтадық. Кейінге қалдыруға болмайтын іздеу жұмыстарын ұйымдастырдық. Мұның нәтижесінде әйел Алматы облысы, Кеген ауданындағы ата-анасының үйінде ұсталды. Күдіктіні тергеу жұмыстарын жалғастыру үшін Алматыға жібердік», — деп хабарлайды Медеу ауданындағы полиция басқармасының жетекшісі Болат Тотыбаев. 

Отыз жастағы әйел сол балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. 

«Ол ұрлап кеткісі келген Әлиханның тобына жетекшілік еткен. Қылмыс кезінде күдікті еңбек демалысында болған. Ал бөтен адамның баланы алып кетуіне жол бермеген әйел оның орнына уақытша жұмыс істеген. Күдікті баланы пайда көру үшін алып қашпақ болған. Ол ұлды ата-анасына сатып, ақша алғысы келген. Тергеу жұмыстарынан кейін Ж азаматша уақытша тұруға арналған изоляторға жіберіледі», — деп түсіндірді майор. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл жағдай 16 шілде күні Медеу ауданының Төлебаев және Гоголь көшелерінде орналасқан мектепке дейінгі мекемеде болған.

Тәрбиешінің айтуынша, олар балалармен серуендеп келіп, топқа кірген. Осы сәтте балабақшаға ұзын көйлек, қара көзілдірік және жиегі үлкен бас киім киген әйел кіріп келеді. Ол «Өтініш, Әлиханды шақырып жіберіңізші» деп айтқан екен. Өзін әпкесімін деп таныстырып, асығып тұрғанын айтады. Кейін баланы қолынан жетектеп, балабақшадан жылдам шығып кетуге тырысады. Бірақ тәрбиеші баланы танымайтын адамға табыстай алмайтынын айтып, оның жоспарының орындалуына жол бермейді. 

[:]