АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда ұры әйел баланы ел танымас үшін шашын бояп, көзілдірік кигізіп ертіп жүрген[:]

[:kz]

Шымкентте төрт ай бұрын жоғалып кеткен бала туралы ақпаратты «Шымкенттік еріктілер» клубы желідегі парақшасында таратты. Олардың мәліметіне сенсек, баланы бір әйел ұстап отырған әрі оны ел танымай қалсын деп түр басын түбегейлі өзгертіп тастаған.

«Бала аман, табылды. Бір әйел оны Алматыға алып кеткен. Оны ел танымасын деп шашын сарыға бояп, көзілдірік кигізіп қойыпты. Бала қазір Шымкентте»,- деп жазған еріктілер тобының желідегі парақшасында.

Бұдан бөлек Шымкент полициясының өкілдері де баланың табылғанын растады. Бірақ оны ұрлап алып кеткен әйелдің кім екенін, мақсаты не болғанын құпия сақтап қалды.

 
 

Есте болса, Руслан Нортураев ағымдағы жылдың шілдесінде жоғалып кеткен еді. Оның жақындары полицияға шағым түсіргенімен төрт ай бойы тәртіп сақшылары оны іздемеген болып шықты.

kyn.kz

[:]