[:kz]
Әлеуметтік желіде жартылай жалаңаштанған ер адамның жанармай құю бекетінінің шатырына шығып, ерсі әрекетке барғаны бейнеленген видео тарады. Кадрдан «бұзақының» компанияның логотипін жыртып жатқанын байқай қиын емес деп жазады Zakon.kz.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі оқырмандарының сөзінше, көптің талқысына түскен оқиға Шаляпин мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Кадрда ер адамның жанармай құю бекетінің шатырына шығып, компания логотипін жыртып, оларды айналасындағыларға лақтырғаны анық көрінеді.
Сонымен қатар, төменнен полиция қызметкерлерін де байқау қиын емес. Zakon.kz порталының редакциясы Алматы қаласының полиция басқармасына хабарласып, аталған жағдайға байланысты пікір білдіруін сұраған. Әзірге құқық қорғау саласының мамандары оқиғаға түсініктеме берген жоқ.
[:]