АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда жеке тікұшақ құлады[:]

[:kz]

Алматыда жекеменшік тікұшақ апатқа ұшырады. Ақпаратты ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті растады.

Тікұшақ Наурызбай ауданы Таусамалы шағын ауданындағы «Алатау» демалыс орнының аумағында сағат 16:05-те құлаған.

«Sky Service әуекомпаниясының Еврокоптер-130 жекеменшік тікұшағы құлады, өртенген жоқ. 1968 жылы туған ұшқыш жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды», — деп мәлімет берді ТЖК.

 
Тікұшақ командирі Валентин Шитов қаза тапты, деп мәлімет берді азаматтық авиация комитеті. Апаттан кейін ер адам тірі болған.

Инвестиция және даму министрлігі көлік апаттарын тергеу департаменті оқиғаны тергеуді бастады.

Тікұшақ Боралдайдан Үлкен Алматы көліне бара жатқан.

kyn.kz

[:]