[:kz]
Алматыда зейнеткер жүкті қызы мен күйеу баласын атып өлтіріп, артынша өз-өзіне қол салған отбасының туыстары тілшілермен сөйлесуден бас тартты. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Камераны алыңдар да, тез арада кетіңдер!», — деді әйел қылмыс орынына келген қазақстандық телеарналар тобына дауыс көтере. Кейбір журналистердің тіпті телефондарын да сындырып тастады.
Кісі өлтіру қаланың төменгі бөлігіндегі жеке үйде орын алған. Негізгі нұсқа — отбасылық жанжал. Көршілерінің айтуынша, зардап шеккендер осында 20 жылдан астам уақыт тұрып, жат қылықтарымен көзге түспеген. Олардың айтуынша, отбасы ескерткіш дайындаумен айналысқан.
«Олар бұл жерде ұзақ уақыт тұрып, көптен бері ескерткіштер жасап келеді. Бұл кісі осы іспен бұрыннан бері айналысып келеді және олар ұзақ уақыт бойы бұл үйде тұрып жатыр. Кеше кешке дейін үйде тыныш болған. Біртүрлі жағдай болды. Полиция айқайлап, сол жердегілердің бәрін таратып жіберді», — деді көршісі Павел Мокроусов.
Полиция қарт адамның алкогольді пайдаланбағанын айтты. Зейнеткер бұған дейін заң бұзбаған. Қызын атып тастаған аң мылтығы да ресми түрде тіркелген.
«Екі адам оқиға орнында, бірнеше минуттан кейін бірден көз жұмды. Бұл адам дәл осы мылтықтан атып, өз-өзіне қол салды. Оған бұрын ешқашан қылмыстық іс қозғалмаған», — деді Салтанат Әзірбек.
Жанжал себептерін полиция анықтайды. Бұл іс екі бап бойынша дереу тергелуде: «Адам өлтіру» және «Өз-өзіне қол жұмсау».
[:]