АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда жүзден аса адам наразылыққа шықты[:]

[:kz]

1 мамырда Алматыдағы орталық мәдениет және демалыс саябағында ондаған адам жиналып, наразылық білдірді. Олар «Астана атауының Нұр-Сұлтан болып өзгергеніне, Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның сенат спикері болғанына қарсымыз!» деп айқайлады.

Саябақта мерекеге орай қойылған әуен дауысы қатты шыққандықтан, азаматтар қолына кезектесе микрофон ұстай сөйледі.

Наразылардың бірі «ақпанда туындаған көп балалы аналар мәселесін билік әлі шеше алмай отыр» деді. Қолына бала ұстаған азамат «Қазақстанның нағыз қайраткерлері түрмеде отыр, қылмыскерлер – билікте» деп айқайлады.

Ереуілге шыққандар арасында Қазақстанда атом электр станциясының құрылысына қарсы шыққандар да бар. Мұнан соң азаматтар «Масқара!» деп айқайлап саябақ ішінде жүріп өтті. Наразылар Қазақстан әнұранын шырқап, Назарбаевты «диктатор» деп сынады.

9 маусымда өтетін президент сайлауына бойкот жариялауға шақырғандар бар. «Қазақстанда демократия болғанын, лайықты кандидаттар болғанын, сайлау әділ өткенін қалаймыз. Қазақстанның еркін ел болғанын қалаймыз» деді.

Олар «Шындықтан қашып құтылмайсың» деп айқайлады. 21 сәуірде Алматы марафоны Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбеков осы сөз жазылған баннер іліп, 15 тәулікке қамалған. Құқық қорғау ұйымдары оларды «ар-ождан тұтқыны» деп таныған.

Тікелей эфир: Алматы мен Нұр-Сұлтандағы наразылық

 

​Прокуратура 29 сәуірде жариялаған үндеуінде «Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 1 мамырда рұқсат етілмеген митингіге қатысуға шақыру жазбалары тарап жатыр. Мұндай акцияларға қатысқандардың әрекеті бейбiт жиындар мен митингiлерді ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы заңды бұзу деп танылады» деп жазылған.

azattyq.org/

[:]