[:kz]
Алматыда барахолкадағы сауда орталықтар карантинге жабылады. Дегенмен, кейбір сауда компаниялары өз жұмысын жалғастырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
![Cолка жаңа Cолка жаңа](https://netstorage-nur.akamaized.net/images/956821167e982f61_w.jpg?imwidth=900)
Фото: KAZ.NUR.KZ
Sputnik Қазақстан мәліметінше, карантин енгізу мәселесі алматылық барахолкаға да жетті. «Адем», «Ялян» және «Еуразия» орталықтары өз жұмысын 15 сәуірге дейін тоқтатады.
Дегенмен, «Адем» СО-дағы «Магнум» желісінің дүкені өз жұмысын жалғастырады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қалада барлық супермаркеттер, дүкендер мен азық- түлік базарлары 10:00- ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтіні хабарланған. Мұндай режим төтенше жағдай кезінде орнайды.
Бұған дейін хабарланғандай, төтенше жағдай кезінде көкөністер мен жемістерден басқа барлық азық- түлік өнімдері қаптамада сатылады.
Айта кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен Қазақстанда 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.
Оған сәйкес елімізде ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге тыйым салынған.
Кеше Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы оңтүстік астанадағы науқастардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты.
[:]