[:kz]
Алматыдағы заңсыз митингтер кезінде көлік қағып кеткен полицейге ота қажет. Нұрбол Бекназаровқа операция жасалынбақ деп хабарлайды Tengrinews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Айта кетейік, оқиға 11 маусымға қараған түні Төле би Өтеген батыр көшелерінің қиылысында орын алған.
Бекназаровтың сөзінше, ол әріптестерімен жиылған көпшілікке қарай жүріп бара жатқан көлікті тоқтатпақ болып, жолды жапқан. Алайда, көлік жүргізушісі жылдамдығын азайтпай, полицейді қағып кеткен.
[:]