АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы саябақтардың бірінде жанжал шығарған екі әйел жазаланды (видео) [:]

[:kz]

 

Әлеуметтік желіде екі әйелдің Алматыдағы саябақтардың бірінде жанжал шығарған сәтінің видеосы тарады. Бұған қатысты оңтүстік астананың полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көптің талқысына түскен видео Instagram әлеуметтік желісіндегі krisp_almaty парақшасында жарық көрді. Кадрдан екі әйелдің саябақта жанжал шығарғанын байқауға болады.

Тіпті олардың бірінің ер адамға жұдырық ала жүгіргені көрсетілген. Видео авторының сөзінше, екі әйел саябақта бірінші рет жанжал шығарып отырған жоқ. «Бұл екі әйел Алматыдағы Тұңғыш президент саябағының жанында үнемі жанжал шығарып, бейәдеп сөздер айтады. Бір ару жүгері сатып еді, оны екеуі қуып жіберді. Олар барлық бәсекелестерін сол жерде тұрғызбауға тырысады», – деп жағдайды түсіндірді видео авторы.

Бұған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов пікір білдірді. Ол Instagram желісіндегі парақшасында тәртіп сақшылары саябақта жанжал шығарған әйелдерді жауапкершілікке тартқанын хабарлады. «Тексеру нәтижесінде екі әйел Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434 бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартылды», — деп хабарлады Әбдірахманов.

 

 

[:]