АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы сел қаупі: Оқиға орнында не болып жатыр? (фото, видео)[:]

[:kz]

Наурызбай ауданының Қарғалы шатқалында бүгін, таңертең шағын су тасқыны орын алып, сел қаупі туындады. Жергілікті тұрғындар эвакуацияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазіргі уақытта Жандосов көшесі Шәймерденов көшесіне дейін жабылған, қауіпті аймаққа ешкімді кіргізбеуде.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Өзен суы лас болып ағуда, алайда Қарғалы жағасынан шыққан жоқ.

Жергілікті тұрғынның бірі сел қаупі туралы ештеңе естімегенін ашып айтты. Ол есігінің алдында алаңдамастан темекі тартып тұрған.

Сол маңда тұратын әйел адамның сөзінше, бұрынырақ көшені су басқан.

Қазіргі уақытта ол үлкен қауіп туындамайынша ешқайда кетпейтінін жеткізді.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

«Жағдайдың қаншалықты нашарлағанын көрдіңіз бе? Таңертең су таза еді, ал қазір өзен ластанып, деңгейі 10-15 сантиметрге көтерілді. Қойтастар бұзылмаса, ештеңе болмайды деп ойлаймын.Нью-Йорктегі достар хабарласып жағдайымызды сұрауда. Олар бізді су басып қалды деп ойлап қалған. Өмірімде бірінші рет қатты қорқып кеттім. Қауіпсіз жерге көшкім келмейді, бізде заңды сақтамайды. Қазір мен кетемін, ал 10 минуттан кейін менің үйіме біреу кіреді. Әзірге қауіпсіз жерге көшпеймін», — дейді жергілікті тұрғын Мәлік Алиұлы.

Айта кетейік, бүгін Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінде шағын сел жүргені хабарланды.

 
 
  

[:]