АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы сұмдық жағдай: Ер азамат әйелін супермаркетте пышақтап тастағаны белгілі болды[:]

[:kz]

 

Алматыда ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін өлтірді, оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам әйелін жұмыс орнында өлтіріп кеткен. Оқиға Наурызбай ауданындағы супермаркеттің бірінде болды. 

 

«Келушілер қан-жоса болып жатқан әйелді көріп, полиция шақырған. Ерлі-зайыптының таңертеңнен бері телефон арқылы жанжалдасқаны белгілі болды. Ер адам әйелімен сөйлесу үшін оның жұмыс орнына келген», – дейді полиция. 

Ерлі-зайыпты ажырасу процесіне байланысты бірнеше айдан бері жанжалдасып жүрген. Әңгіме барысында жағдай ушығып, ол әйелді пышақтап тастаған.

Ер адам кінәсін жоққа шығармады. Күдікті қамауға алынды.

Бұған дейін Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылғанын хабарлады.

Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді. 

[:]