[:kz]
Алматыда Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады. Қаза тапқандар арасында «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Әзірге әуе апатынан 14 адамның қайтыс болғаны хабарланды. Олардың жетеуінің аты-жөндері анықталған. Аты аталғандар ішінде 1940 жылы туған Генералдар кеңесінің төрағасы Рустем Хайдаров та бар.
Айта кетсек, бұған дейін төтенеше жағдайдан 9 адамның қайтыс болып, тағы тоғызы адамның жарақат алғаны хабарланған болатын.
Еске сала кетсек, бүгін 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.
Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар Bek Air әуе компаниясының барлық рейстері тоқтатылғаны белгілі болды.
Сондай-ақ, мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев қазір Алматы әуежайында жүр.
Айта кетсек, бортта жалпы саны 95 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер үшін шұғыл желі іске қосылды. Асқар Маминнің басшылығымен арнайы үкіметтік комиссия құрылған.
[:]