АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы юбка киген оқушының өлімі: Министрлік күте тұруды өтінді[:]

[:kz]

Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті Алматыда 11-қабаттан секіріп кеткен оқушыға қатысты оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 8-сынып оқушысының ата-анасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде оқушының қайтыс болуына байланысты қарама-қайшы ақпарат тарап жатыр,

— делінген министрліктің хабарламасында.

Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері қаза тапқан оқушының ата-анасымен хабарласып отырғандарын айтты.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде. Тергеу мүддесі үшін жағдайдың егжей-тегжейі жария етілмейді,

— делінген хабарламада.

Министрлік тергеу нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылданатынын, тергеу амалдарынан кейінгі ресми қорытындыны күту қажеттігін айтты.

Ата-аналарды, мұғалімдер мен мектеп басшыларын балалармен қарым-қатынаста асқан мейірімділік танытуға шақырамыз. Өйткені балаларымыздың өмірі мен денсаулығы қоғамның басты құндылығы,

—делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Еске салайық, кеше Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы Сергей Ким 11-қабаттан секіріп кеткен. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

 

[:]