АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдағы Желтоқсан (1986) мен Будапештегі Қазан (1956) көтерілістерінің басты мақсаты![:]

[:kz]

-ның саяси мен идеологиялық ықпалынын босату керемет үлгісі 1956 жылы Венгр көтерілісі көрсетті. Венгрияда алғаш рет Кеңес Одағы Шығыс блоктағы мемлекетті басқару үшін қарулы күштерді қолдануға мәжбүр болды. Венгрия тарихында бұл оқиғалар Венгр революциясы деп аталады. КСРО тарихында — социализмге қарсы венгр көтерілісі.

Екінші дүниежүзілік соғыстың соңында Венгрия фашистердің жағында соғысқан ел болатын және кеңес әскерлері Венгрияны неміс фашизмнен азат еткен. Бірақ, соғыс аяқталған кейін, елде коммунистерге қарсы диверсиялық жұмыстар жүргізген жерасты ұйымдарының саны көп болды. 1945 жылғы 4 қарашадағы сайлауда коммунистер 17% дауыс алды.

Алайда кеңестік көмегімен, М.Ракоши басқарған венгр коммунисттерінен үкімет құрды. Ракоши Сталиннен үлгі алып — индустрияландыру және ұжымдастыру, кез-келген диссидентті жою және католик шіркеуіне қарсы күресті күштеп жүзеге асырды. Ел венгр қауіпсіздік қызметі арқылы басқарылды, 650 мың венгр азаматы саяси қуғынға ұшырады, 400 мың түрмеге отырғызылды.

Сталин қайтыс болғаннан кейін, «жыламық» саясатының басталуымен Ракоши өте қатты сынға ұшырады. 1953 жылы Имре Надь Венгрияның басшысы қызметіне тағайындалады, ол партия мен Венгрияда демократиялық реформалардың жақтаушысы болған еді. Оның айтуынша, венгрлық жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға көбірек көңіл бөлу, салықтар азайту, жалақыны көбейту, саяси қуғын-сүргін саясатын тоқтату тезірек керек. Алайда мұндай прогрессивті және адамгершілік коммунист венгриялық билікте ұзақ болмады.

Венгриядағы төңкеріс-көтеріліс 16 қазан күні студенттік тәртіпсіздіктерден басталды. 1956 жылғы 23 қазанда Будапеште 200 мың венгрлықтар Надьті үкіметке қайтару, еркін сайлау өткізу және кеңестік әскерлерді елден шығару керектігін талап етті. Үкімет қарсыластары жергілікті казармалардан қару-жарақты тартып алды. Сталинге арналған 25 метрлік ескерткіш жойылды. Венгрлық мемлекеттік армия мен полиция арасында нағыз соғыс басталды.

24 қазан күні таңертең кеңестік үкімет бұйрығы бойынша кеңес әскерлері Будапештке кіреді: 300-ге жуық танк, брондалған автокөліктер, пушкалар, 6000 сарбаз. 25 қазанда демонстрация кезінде белгісіз тұлғалар кеңес жауынгерлеріне оқ атады. Бірнеше адамдар өледі және қатты жарақат алады. Жауап ретінде кеңес әскерилер венгрлерге қарсы қаруны пайдаланады. Түрлі пікірлер бойынша, екі жағынан 60-тан 100-ге дейін адам қаза тапты. Осы күреске байланысты Венгриядағы жағдай нашарлап, бүлікшілер венгр коммунистер мен қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасай бастайды. Көп адамдар үлкен азап көріп, өледі

30 қазанда Кеңес үкіметі өз әскерлерін шығаруға мәжбүр болады, Варшава шартына мүше-елдерімен қатынастарды қайта қарауды шешімге келеді. Венгрияда не болып жатқанын «реакциялық күштерге қарсы жұмысшылардың әділ және прогрессивті қозғалысы» деп атайды және енді венгрлер өз күшімен қалған «реакцияшыл элементтерді» жояды деп сондай шешім қабылдайды. Келесі күні Н. Хрущев бұл қадамды

Батыстың «барлық прогресшіл күштеріне және әлемдік социализмге» қарсы қастандық деп айыптайды. Оны басқа елдердің коммунистік басшылары қолдайды.

1956 жылы 4 қарашада маршал Жуковтың қолбасшылығымен «Шығыс» кеңестік әскери операцияны басталады: 30 мыңға жуық жауынгер, 1000 танк және басқа брондалған техника. Венгр әскерлері бейтарап қалып қояды. 6 қарашада Будапештте «реакцияшыл» қарсылық жойылады. 11 қарашаға дейін Венгрияда көтеріліс толық басылды.

Ресми деректер бойынша 669 кеңес жауынгері өлді. Мажарстанның 2 652 бүлікші қаза тапты, 348 әскер және 19 226 адам жарақат алды. 1956 жылы оқиғалардан кейін Венгриядан 200 мыңнан астам адам қоныс аударған еді.

Көтеріліске қатысушыларға байланысты сот процесі өтті. 300-ден астам адамға өлім жазасы шығарылды. Имре Надь 1958 жылғы 16 маусымда «халықтық демократиялық жүйені құлату үшін опасыздық жасағаны» сотталды. 1989 жылы Имре Надь толығымен ақталды және Венгрияның ұлттық қаһарманы деп танылды.

Кеңес үкіметі венгерлік оқиғалардан кейін қатты үрейленді және жаңа ұсыныс жасады — Варшава шартына кіретін елдері халық арасында саяси және насихаттық жұмыстарды нығайтуға барлық күш салуға тиіс. Мажарстан көтерілісі «нағыз социализм мен прогреске қарсы Батыстың көмегімен жасалған бүлік» деп жарияланды.

Содан бері қырық жыл өтті. Кеңес мемлекеті 1991 жылы құрдымға кетті. Ал 1956 жылы венгрлердің көтерілісі өз дұрыстығын және нағыз бостандық, еркіндік пен егемендік үшін болған күрес деп көрсетті. Дамудың социалистік жолы уақыттың сынағына төтеп бере алмай, өлімге апарып кетті. КСРО-ның қираған жерлерінде жаңа мемлекеттер пайда болды — Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, басқа ТМД елдері. Айту керек, қазіргі Ресей бұрынғы кеңестік идеологиясын қиып тастауға тырысты, бірақ Путин қайтадан кейбір оның элементтерін қолдануға тырысады екен.

1956 жылы Венгияда көтерелістен кейін, 1986 жылы Қазақстанда Желтоқсан көтерілісі болды. Осы көтерілістерінің басты мақсаты – өз туған ел мен халықты нағыз бостандық, еркіндік, азаттық пен егемендікке қол жеткізуі!

Венгрия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Андраш БАРАНИ: «Азаттық жолындағы күрес, көтеріліс — өте маңызды мәселе. Алматыдағы Желтоқсан көтерілісі (1986) мен Будапештегі Қазан көтерілісі (1956) – адамзат тарихында орны бар, әлемдік мәртебеге ие көтерілістер!» — деген баға берді.

Керімсал Жұбатқанов, тарих ғылымның кандидаты, Қазақ-Орыс Халықаралық Университетінің доценті.

[:]