АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыдан облыс аумағына барғандарға 14 күн карантинде болу міндеттелді[:]

[:kz]

Облыстық әкімдікте Алматы аумағында жұмыс істейтіндер қаладан шығып кеткен соң, 14 күндік үй карантині жағдайында болуы міндетті деген шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Алматыдан аймақтарға барғандар 14 күн үйдегі карантинде болуы

Фото: NUR.KZ

Бұған Алматы қаласы шекарасының карантинге байланысты жабылуы себеп болған. Ақпарат Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойған құжат барлық кірген азаматтарды үй карантиніне орналастыруды міндеттейді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері телефон байланысы арқылы хабарласу жолымен оларға бақылау жасайды.

Сонымен қатар, осы қаулыда жүк тасымалдаудың талаптары туралы айтылған.

Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданады және өңдеу мен фумигациядан өткізіледі.

Герметикалық қаптамасы жоқ жүктерді тасымалдауға тыйым салынған.

Еске сала кетсек, 19 наурыз түнгі 00:00-ден бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин өз күшіне енді. Қалаларға кіру мен шығу жолдары жабық, көшені полицейлер мен әскерилер, Ұлттық гвардия сарбаздары күзетуде.

 
 

[:]