АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыға блок-посттардың қайта қойылатыны рас па[:]

[:kz]

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин оңтүстік астанада блок-посттар қайта қойыла ма деген көпшіліктің сұрағына онлайн брифинг барысында жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы. 

«Жоқ. Қала сыртында блок-посттар қойылмайды. Тұрғындар қалаға, облысқа емін-еркін кіріп шыға алады», — деді Жандарбек Бекшин. Бас санитар қаладағы ахуалды жіті бақылап отырғанын жеткізді. «Егер ауру көрсеткіші тәулігіне 7 пайыздан асатын болса карантин шаралары одан әрі жалғасатын болады», — деді ол.

Бекшиннің сөзінше, қазір қалада соңғы 10 күнде ауру көрсеткіші 5 пайыз болып тұр. Қала билігі осы көрсеткішті 1 пайызға дейін төмендетуді мақсат тұтып отыр.

«Алайда барлық қауіп — симптомсыз науқастардың өсуінде. Сонымен қатар, қаладағы төсек орындардың 95 пайызы толып отыр.

Яғни көбейген жағдайда ауруханада орындар жетіспеуі мүмкін», — деді Бекшин. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 20-21 маусым күндері шектеу шараларының күшейтілетінін хабарлаған едік.

 

https://kaz.nur.kz/1861083-almatyga-blok-posttardy-kajta-kojylatyny-ras-pa.html

[:]