[:kz]
«Қаулы заңды түрде шығарылды деп ойлаймын. Жоюға негіз табаалмадым.Ол плакат дайындап, қатысқанын мойындап отыр. Барлығы видеоға түсірілген, заттай дәйектемелер бар. Кінә дәлелденді деп ойлаймын. Арызды қабылдамауды сұраймын», — деді прокурор.
Сот кеңесуге кетіп қалды. Отырысқа қолдау білдіру үшін келген алматылық қыз сол жерде жылап жіберді.
Ол соттан бірінші инстанцияның шешімін теріске шығарып, Төлесованың орнына қамауға отыруға дайын екенін мәлімдеді.
[:]