АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық келіншек гаражға тығып қойған 164 мың АҚШ долларынан айырылып қалды[:]

[:kz]

Алматы тұрғыны үйіне тығып қойған 164 АҚШ долларынан айырылды. 34 жастағы келіншектің қомақты қаржысын құрылысшы қолды еткен деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел адам жері мен үйін сатып, одан түскен 164 мың долларды гаражға жасырған.

Алайда, ол моншасының құрылысы басталғанда тыққан қаржысын алуды ұмытып кетеді.

Күндердің күнінде құрылысшылардың бірі ұялы телефонын сөндіріп, жұмысқа келмей қойған. Оған қоса, ер адам қасындағы әріптесіне жүз мың теңге ұстатып, оны да қайтарып жібергені белгілі болды.

Осы кезде үй иесінің көңіліне күдік ұялайды. «Тығып қойған ақшасы орнында жоқ болып шықты. Үй иесі бірден полицияға хабарласқан. Тергеу тобы 35 жастағы қырғыз азаматын бірден тапты. Ол Алматының ортасында пәтер жалдап тұрып жатқан жерінен ұсталды. 164 мың АҚШ долларының жартысы ұрының қолында болып шықты.

Қалған жартысын ол Алматы облысында әр жерге тығып үлгерген. Ақша иесіне қайтарылды. Кей бөлігін Қырғызстанға анасына жіберген. Қазір бұл ақпарат тексеріліп жатыр. Ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамалды», — деді қалалық полиция департаментінің басқарма басшысы Есен Ысқақов.  

[:]