АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылықтар нанның ішінен пластмасса тауып алды[:]

[:kz]

Алматылықтар нанның ішінен пластмасса тауып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Алматылықтар нанның ішінен пласмасса тауып алды

Алматылық наубайхана жанжалдың ортасында қалды. Қала тұрғыны нанның ішінен пластмасса тауып алдым деп таңқалдырған. 

«Мен осы нанның ішінен пластик көрген кезде, қорқып кеттім. Ішіндегі нәрсе өте үлкен болды. Осыдан кейін жағдайым нашарлап кетті», — дейді Арман Түсіпов. 

Алматылық азамат бұған дейін қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне шағым түсірген. Бөлімшеде бұл мәселеге жақын уақытта тергеу жүргіземіз деп уәде берген. Қазір наубайханада тексеру басталды. Оны кәсіпорын иелерінің өзі ұйымдастырған. Наубайхана басшылығы мұндай шағымның бірінші рет болып тұрғанын айтты. Ал сарапшылардың пластиктің қамырға қалай түсуі мүмкін екендігі туралы өз болжамдары бар.

«Бұл факт туралы ойым қандай? Бұл қамыр араластырғыштан түскен. Қамыр араласытырылып жатқан кезде термометр температураны бірнеше рет тексеруге міндетті. Қамырдың температурасын анықтайды. Оны ыдысқа салып, қамырдың температурасын тексеріп, алып тастайды. Сол түсіп кетуі мүмкін», — дейді  №7 наубайхана ЖШС аға шебері Татьяна Бризицкая.

[:]