[:kz]
Алматылықтарға жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат берілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қалалық ПД мәлімдеді.
«Алматылықтар санитарлық нормаларды сақтап, қала ішінде жүре алады», — делінген ресми хабарламада.
Бұған қоса қала тұрғындарына велосипедпен жүруге рұқсат етілді. Өз кезегінде полиция басқармасы қалалықтарды үш адамна көп жиналмауға шақырды.
Мұнымен қатар қала ішінде орналасқан бекеттер алынды.
«Карантин режимінің жеңілдетілуіне және көптеген нысандардың жұмысқа қайта кірісуіне байланысты бекеттердегі қоршаулар алынып тасталды», — деп қосты ПД өкілі.
Енді полицейлер халық көп жиналатын аймақтарды, атап айтсақ, саябақтарды, аллеяларды қадағалайтын болады.
Еске салайық, бұған дейін ҚР бас санитар дәрігері Есмағамбетова Қазақстандағы коронавирус ахуалы тұрақтанғаны жайлы айтқан болатын
[:]