[:kz]
Алматының орталығында қару ұстаған екі ер адам ұсталды, Бұл туралы оңтүстік астананың полиция департаменті хабарлады, деп жазады ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған kaz.nur.kz
Ведомствоның мәліметінше, тәртіп сақшылары қарулы 38 және 35 жастағы ер адамды ұстады. Олардың қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқаны белгілі болды. «Күдіктілерді Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Райымбек даңғылы мен Байзақов көшесінің қиылысында ұстады. Олардан қару-жарақ дүкенінен тәртіпсіздік кезінде ұрланған «SM12 steyr mannlicher austria» маркалы екі аңшы мылтығын тәркіледі. Белгілі болғандай, 38 жастағы М.есімді азамат және 35 жастағы Р.есімді азамат Алматы облысынан келген»,-деп хабарлады полициядан. Қару мен оқ-дәрілерді ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергелуде. Қару тәркіленді.
[:]