АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алсу «Голос.Дети» байқауында жеңіске жеткен қызын құттықтамады[:]

[:kz]

«Голос. Дети» музыкалық байқауында бірінші орын иеленген қызын Алсу Instagram желісінде жеңісімен құттықтамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіге соңғы рет финалға бір күн қалғанда сурет жүктеген Алсу қызын құттықтамауды ұйғарған көрінеді. Шулы жеңістен кейін адамдардың айтатын сынын естігісі келмеген әнші желідегі парақшасын бұғаттаған.

Қызына қолдау көрсетемін деп психологиялық тұрғыдан қысым көрген өнер иесіне жеке хабарлама жіберуге немесе пікір қалдыруға желі қолданушыларының мүмкіндігі жоқ. 

Ержан Максимнің бірінші орынға лайық екенін айтып, дәлелдегісі келгендерден қашқақтаған әнші қызының жеңісі үшін талай сынның астына қалды. Бұл өнер иесінің жеке шығармашылығында да көрініс беруі ықтимал.

Еске сала кетейік, Рессейдегі балаларға арналған музыкалық байқауда танымал әнші Алсудың кіші қызы Микелла жеңіске жетікен болатын. Қазақстандық жас талант Ержан Максим екінші орын алды. 

[:]