АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алты перзентін балалар үйіне өткізбек болған шымкенттік әйел жанайқайын жеткізді[:]

[:kz]

Қарызға белшесінен батқан алты баланың анасы, шымкенттік Жанерке Темірбаева жанайқайын жеткізді. Ол алты перзентін балалар үйіне орналастырып беруге көмек сұрауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК телеарнасының «Дау дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Кадр КТК арнасының сюжетінен

Кадр КТК арнасының сюжетінен

Көпбалалы жалғызбасты ана жәрдемақы ала алмай, қиналып жатқанын жеткізді.

«Құжаттарым дұрыс болмай, жеке куәлігімді ала алмай жатырмын. Айыппұл сұрап жатыр, соны төлейтін қаражат болмай, дүкендер мен дәріханаларға біраз қарызданып, қиын жағдайда қалып отырмын.

Қарыздарымның барлығын қайтарып, өз-өзімізге келіп алғанша балаларды бір жерге орналастырсам ба деген ойда едім», – дейді ол.

29 жастағы Жанерке Темірбаеваның қиындыққа толы тағдыры кімнің де болсын жүрегін сыздататыны анық.

Жалғызбасты ананың жақындары жоқ, балалар үйінде өскен. Үш рет некеде болған, алайда, бұрынғы күйеулерінің бірінің туыстары сыйдырмай, жетім екенін бетіне басса, енді бірі ішімдікке салынып, келіншекті балаларымен бірге тастап кеткен.

Айтуынша, тек 42 500 теңге жәрдемақы алған. Өзі жұмыссыз, арнайы мамандығы да жоқ.

Алты баланың анасы бүгінде дәріханаға 9 мыңдай, коммуналдық қызметке 51 мыңдай және дүкенге 200 мыңдай ақша қарыз болған.

Жанерке Темірбаева «Дау дамайсыз» бағдарламасының қызметкерлерімен бірге құзырлы органдарға барып, әлеуметтік мәселелердің шешілетініне көз жеткізді.

Одан бөлек, Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы қамқоршылық даму бөлімінің басшысымен және жеке сот орындаушымен бірге балаларын туғалы көрмеген, алимент төлемей жүрген әкесін іздеп, оның туыстарымен тілдесіп қайтты.

Жеке сот орындаушысы Нұрбол Мәуленнің айтуынша, Жанеркенің екінші күйеуінің қарызы 2019 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша 1 миллион 500 мың теңгеден асып кеткен.

Дереккөздің мәліметінше, үш күннен кейін Жанеркенің оқиғасын естіген шымкенттік қайырымды жандар еденде ұйықтап жүрген балаларға төсек орны мен ойыншықтар әкеліп берген.

Одан бөлек, Шымкент қаласындағы Қаратау ауданындағы әкімдік сөзінде тұрып, Жанеркенің құжаттарын реттеп, мәселесін шешіп берген.

Бұған дейін алты баланың төртеуі ғана базада тіркелген екен, енді тағы екеуі енгізіліп, атаулы әлеуметтік көмекке ілінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Cұлтанда күйеуі тастап кеткен көпбалалы ана жайлы жазған едік. Елордалық Айзат Асылбекқызы көлікті жалға алып, такси жүргізушісі болып, жеті баласын асырап жүр.

 

[:]