[:kz]
Қызылордада жоғалған «алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтірген» деген қауесет таратқан азамат ұсталды. Бұл туралы жергілікті полиция басқармасы хабарлады.
Қызылордада мессенджерлер арқылы «алты жасар баланы зорлап, аяусыз өлтіріп, содан кейін ғана шұңқырға тастады» деген қауесет тарады. Қалалық полиция бұл ақпаратты жоққа шығарып, аудиожазбаның авторын тапты.
«Ол кінәсін толық мойындады. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабының 2 бөлімінің 3 тармақшасы бойынша сот алды тергеу жұмысы басталды.
Күдіктіге үш мың айлық есептік көрсеткішіне дейін айыппұл салынуы не болмаса 800 сағатқа дейін уақытында қоғамдық түзеу жұмыстарын істеуге міндеттелуі мүмкін.
[:]