АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алтынай Жорабаева:»ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ,батыстағы педофил Заң орнатпақшы ма?»[:]

[:kz]

 

 

Зорлық зомбылыққа қарсы Заң шығады екен дегенде, алғашта кәдімгідей іштей қуанып қалып едім. Себебі, қаншама әйел , күйеуінен адам танымастай таяқ жеп, біразы сол аманат қылып алған өз күйеулерінің қолынан қаза тапты . Қаншама бүлдіршіндер,жеткіншектер педофилдердің құрығына түсіп,
өмірлерінің күл-талқаны шықты. Осыған тосқауыл болатын болды-ау, деп ойлап едім. Сөйткен заңымыз, дәстүрімізге, болашағымызға, яғни ҚАЗАҚ ҰЛТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫНА балта шапқалы тұрған ЗАҢ екен. АЛЛА САҚТАЙ ГӨР! &ldquoБаласын ата-анасынан қорғау заңы&rdquo деген НЕҒЫЛҒАН ЗАҢ,айналайындар-ау?! Ол заңды естудің өзі,көрудің өзі былай тұрсын, тіпті ми қабылдай алмай тұр ғой. О заманда, бұ заман ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ,батыстағы педофил Заң орнатпақшы ма?
Ата-ананың күнделікті ұстанатын тәртібі:
1. үлкенді сыйлау.
2. заттарыңды ретте.
3. бөлмеңді таза ұста.
4. үлкеннің алдында мәдениетті отыр.
5. іні-сіңліңе дұрыс қарап, солардың тәртібіне,сабағына бас-көз бол.
6. сабағыңды оқы, телефонды шұқылай берме, дені дұрыс нәрсе көріңдер ,деген сияқты күнде қолданатын тәрбиелік сөздерді айта береміз,айта береміз ! Бірақ балаларымыздың құлағына жауыр болған сөздер ! (Яғни, ұнамайды оларға)Жауыр болса да ,БОЛАШАҒЫ ҮШІН айтылуы тиіс сөздер!
Кеше ғана &ldquoБәйгеден оза шапқан, депутаттарымыздың &ldquo сиқы анау! Бір сөйлемді жаттап келмей. Себебі, тексттің бетін сол жерде ашып отыр ғой. Ал мынадай Заңды тіпті оқымай,ертең қол қойып жіберетін түрлері бар ғой
Жалпы,отбасы болған жерде, ері әйелін сыйласа, әйелі қашанда соңғы сөзді еріне қалдырып отырады емес пе? Қызы анасының ақылын тыңдап, ұлы әкеге қарап бой түземей ме? Отбасының гармониясы, ата-бабамыз үйреткен жол да осы емес пе?
Бұғанасы қатпаған, көзқарасы қалыптаспаған балаға ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін айтып, жол көрсете алмасаң, ол баланы жаңағы ( бала зорлағыш, жыныс ауыстырғыш, еркегі еркекке, әйелі әйелге ғашық болғыштардың) үгітіне, қоғамына шақырып алып кетпесіне кім кепіл?
Мен ҚАЗАҚСТАНЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН, Ана ретінде, бұл Заңға ҚАРСЫМЫН!

alashainasy.kz

[:]