[:kz]
Алтынай Жорабаева ЛГБТ мүшелері туралы арнайы жазба жариялады. Олардың әрекеті дұрыс емес екенін ұқтыруға тырысты. Алайда жазба біршама уақыттан соң желіден өшіп қалды.
Алтынай Жорабаева ЛГБТ мүшелері туралы ойын атты. Бұған қатысты арнайы жазба қалдырған еді. Кейіннен жазбасының белгісіз себептермен өшіп қалғанын хабарлады.
«Артында кім тұр екен? Кетсінші ары, білгенін істесін. Алла кемшіліктерден пәк. Жазаларын Алла береді», — деді Алтынай Жорабаева.
Желі қолданушыларының кейбірі сенбестік білдірсе, енді бірі қолдау білдірді.
«Өзің өшіріп тастаған шығарсың қорыққаннан», «Алтынай ханым, Алланың нұры жаусын. Халық сізге сенеді», «Алдын ала кешірім сұраймын.Бірақ мен сенбеймін», «Алла Саған жар болсын! Жарайсың, Алтынай! Сендей жанашыр кыздан айналайын, рахмет!», «Шыныменде сіз ғана салдыңыз ғой. Жіберген адамдарыңыз репост жасамады да. Жарайсыз, Алтынай ханым. Отсыз ғой, ешкімнен қорықпайсыз», «Дұрыс айтасыз қосыламын. Алла тағалам көруші, естуші, әмірі күшті Аллаға тапсырамыз», — деп жазды желідегілер.
«Мен Алладан ғана қорқамын. Басқа ешкімнен қорықпаймын. Өзім өшірген жоқпын. Егер өдерің батыр болсаңдар, өздерің неге қолға алмайсыңдар осыны? Үйде жатып батыр болмай», — деп жауап жазды әнші өзіне сенбестік білдіргендерге.
Stan.kz
[:]