[:kz]
Карантин режимі отандық эстрада жұлдыздарының жұмысына айтарлықтай кері әсерін тигізді. Той-томалақтарға тыйым салынғалы өнер иелері табысынан қағылып, шығармашылықтарын да тоқтата тұруға мәжбүр болған. Алайда, шектеу шараларының бәсеңдеуіне байланысты олар тойларда өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Карантин талаптарының жеңілдетілуіне орай, енді елу адамға дейін болатын мерекелік шараларды өткізуге рұқсат етілді.
Бұл жаңалықты ести сала, әншілерден алғашқылардың бірі болып той-томалақтарда бой көрсеткен — Алтынай Жорабаева мен Абай Бегей.
Эстрада жұлдыздары карантин бәсеңдегелі шақырту алған алғашқы тойларынан видеомен бөлісіп, Instagram арқылы өз қуанышын жеткізген. Жорабаева өзімен аттас арудың сырға салуында ән шырқаса, Абай Бегей палатка астында өткен тойда өлең айтқан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Халықтың қайтадан той жасап жатқанына қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі коронавирус әлі сейілмей жатқанын ескертсе, енді бірі көпшіліктің карантиннен шаршағанын айтты.
Еске сала кетейік, күні кеше желіде Түркістан облысында өткен аста-көк тойдың видеосы тарап кеткен болатын. Дүбірлі тойда шамамен екі жүзге жуық адам болған.
Олардың арасында белгілі әзілкеш Нұржан Төлендиев те бар. Ол тойда ән салған.
[:]