[:kz]
Алтынай Жорабаеваға күйеуі су жаңа автокөлік сыйлады. Infiniti маркалы көлігін Әлішер мырза арнайы салоннан алған, деп жазады Stan.kz.
Қуанышты хабарды Жорабаеваның өзі Instagram-да жеткізді.
«Барлық мақтаулар мен мадақтар тек бір Аллаға ғана тән.
Алтынай:
-Жааан?
Алишер:
-Ау жаным?
Алтынай:
-“Жаным”, “сүйем”’ “жақсы көремін” деген сөзді көп айтса, қадірі кетеді деп жатады. Немесе, іштей, үндемей жақсы көру керек дейді көп адамдар. Бұған не дейсің ?
Алишер:
— “Жаным”, “жақсы көремін”, «сүйемін» деп айтпасаң, бір күні ол сөздің тіпті қажеті де болмай қалады… Керісінше, сезіміңді білдірген сайын, жақсы көретініңді айтқан сайын, Махаббат беки түседі.
Ал, сіздер қалай ойлайсыздар? Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге ЕСЕЛЕП қайтсын», – деп жазба қалдырды ол.
Әріптестері мен желі оқырмандары әншіні жарыса құттықтады.
«Құтты болсын, Алтуш! Махаббаттарың мәңгілік болсын!”, – деді жақында ана атанған Тамара Асар.
«Супер», – деп таңданды блогер, экономист Дәулет Төлеутайұлы.
«Бақытты болыңыздар», – деп ақ тілегін білдірді ақын Сара Тоқтамысова.
[:]