[:kz]
Алтынай Жорабаеваның күйеуі қайын атасына көлік сыйлап қуантты. Бұл сәтті әншінің өз желіде жариялады. Ата-анасы алғысын айтып, ризалығын білдірді.
«Құрметті достар, жолдасым әкеме авто салоннан су жаңа көлік сыйлады . Алла разы болсын. Алла пейіліңе үйіп-төгіп берсін. Екеуімізге жұғысты болсын.
100 жасаңыздар, әкетайым, анашым! Әлішердің әкесі, папамыз өмірден өткен, жаны жәннатта болсын. Ал мамамызды Нұр-Сұлтанға көшіріп, пәтер алып берді. Әрине ең кіші інісі Алла қаласа болашақ келінмен мамыздың қолында тұрады. Ата-ананы қуанту үлкен бақыт», — деп жазды әнші.
«Жарайсыңдар Алтуша. Асқар тау әкешіңнің жаңа жасы қайырлы, құтты болсын!», — деді Қарақат Әбілдина.
«Құтты болсын! Ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін!», — деп жазды әзілкеш Олжас Сыдықбек.
«Құтты болсын. Сендерге Алла разы болсын, ата-аналарыңды қуанта беріңдер», «Құтты болсын, Алтынай, бақытты бол», «Құтты болсын ! Бізге жұғысты болсын!», «Құтты болсын ! Бізге жұғысты болсын!», — деп жазды желі қолданушылары.
Дереккөз :stan.kz
[:]