[:kz]
Американың техас штатындағы Галвестон қаласындағы кафеге келушілер сол жердегі даяшы қызға көлік сыйға тартты. Өйткені ол қыз кафеге келіп-кету үшін бес сағат жол жүреді екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Адрианна Эдвардс жұмысқа жету үшін 22,5 шақырым жаяу жол жүріп келеді екен. Күн сайын оның бес сағаты жолға кеткен. Эдварс көлік алуға ақша жинапты. Алайда, оның тамағы, жатын орнынан ақша артылмаған.
26 қарашада Эдвардс кафеге таңғы ас ішуге келген ер адам мен әйелге қызмет көрсеткен. Олар әңгіме барысында қыздың жұмысқа бірнеше сағаттап келетінін біледі. Сөйтіп екеуі тамақтанып болған соң, шығып кетеді. Бірақ түстен кейін ер адам мен әйел қызға тосын сый жасап, көлік сыйлайды.
Олар даяшы қызға автокөлік дүкенінен жаңа сатып алынған Nissan Sentra 2011 көлігін сыйлаған. Басында Эдвардс бұл әшейін ойын деп қабылдай алмаған. Алайда, кафе басшылығы көлік өзіне екенін айтыпты. Енді ол жұмысқа жарты сағатта жететін болады.
Ендігіде даяшы қыз колледждегі оқуына да ерте бара алатын болды. Алайда Эдвардс көліктің өзінікі екеніне әлі де сене алар емес. Ал жақсылық жасаған ерлі-зайыптылар өздерінің есімі жұмбақ күйінде қалуын қалапты.
«Жағдайым жақсарған кезде мен де басқаларға жақсылық жасайтын боламын», – дейді Эдвардс.
[:]