АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Әміре» фильмі: кемшілігі һәм жеңісі [:]

[:kz]

Қиял қуып, қайшылық іздетпей-ақ, өмірі киноға, спектакльге, жалпы көркемөнер туындысына сұранып тұ­ра­тын тұлғалар қазақта жетерлік. Тауқыметті болса да ән ата­сы Әміре Қа­шау­баевтың даңқ пен азап қа­тар өріл­ген ауырлау ғұмыры сондай тағдырлар қатарынан. Сон­дықтан болса керек,  әнші өмірі өнер туындысына айна­лып, кино тілінде таспалана­ты­нын алғаш естігенде,  бөр­кімізді аспанға ата қуанып, «Ақсарбас!» дегенбіз іштей. 

Қалайша қуанбассың, енді әншіні қазақ емес, әлем танитын болады! Өйткені «Әміре» фильмі – қазақ кино­өндірі­сін­д­егі голливудтық маман­дар­­мен бірлесе түсірілген ауқым­ды жо­балардың бірегейіне ай­на­лады деп күтілді.  Ол бол­­жамға имандай сен­гі­міз кел­­ді. Арман алдамаса, қиял күй­­­ре­месе деп іштей және ті­ле­дік.  Сөйтіп, межелі уақыт туып, көп­тен күткен «Әміре» фи­льмінің тұ­сауын кестік.

Мәде­ниет және спорт ми­нис­трлігінің қолдауымен «Қа­зақ­­­фи­льм» АҚ және Әли­дар Өте­­мұ­ра­тов­тың «Dar Play» ком­па­ниясының бір­ле­се түсірген бұл фи­­льмнің бас­­ты жаңалығы – туын­ды­ға Джеф Веспа (Jeff Vespa) есім­ді голли­вуд­тық ки­но­режис­сер­дің тартылуы болды. Cце­на­рий авторы – Бенжамин А. Ван дер Вин (Benjamin A. van der Veen).   Көркемдік тұрғыдан голли­вуд­тық ки­но­туынды­ларды көз­ алдыңызға кел­­тіретін бұл фи­ль­мнің түсірілу дең­гейі мен техникалық мүмкіндігіне, әл­­­бет­те, мін таға қою қиын. Бар­­лығы да өз орнымен, өз жо­­лы­мен жасалғаны бірд­ен бай­қалады.

Тіпті, қызды-қыз­­ды­­мен тарихи шындықты көр­кем шын­дық жолына құрбан етіп жіберуін де америкалық ки­номамандардың кө­рермен қы­зы­ғушылығына сай қыз­мет етуі деп қабылдадық. Сце­­на­­­рист Әміренің Париж са­па­­­рына дейінгі және одан кей­інгі тауқыметті тағдырына тере­ңі­рек бойлаудан гөрі, жеңіл де қы­зықты өрбитін ғашықтық хи­­кая­сына екпін түсірген. Ту­ын­­ды авторларының сю­жет­тік тұрғыда сенсация қуғаны сон­шалық, Әмірені өз қи­ял­да­рынан тудырған фран­цуз­дың сұлу бикешіне ғашық қылып, Джорж Гершвин сынды есімі әлемге әйгілі өнер майталман­дарымен жан қиысар дос етіп бейнелейді. Хош, мұны да құп көрдік делік. Бірақ Әмі­ренің Париж сапары тек әлем­дік сахнада өнер көр­сетіп, даңқ шыңына көтерілу мен француз бикешіне деген құштарлық сезімнен ғана тұрмайды ғой. Бұл сапар – әнші өмірін түбегейлі өзгерткен, тіп­ті ғұмырын қиған тра­гедиясын да қоса алып келмеп пе еді!?. Ал ол дүрбелеңнің дәл сол сапарда Алаш арысы  Мұс­тафа Шоқаймен кез­де­суі­нен басталғанына тарих куә. Міне, сценарийст қайшылықты осы тұстан іздесе, мәселе мәй­егі­нен алыс­­тамас еді. Ал бұл фи­льмде, ке­рі­­­сінше, голли­вуд­тың әдеттегі клас­си­­калық сю­­жетке құрылатын мело­дра­­ма­ларындағы махаббат кө­рі­­нісі алдыңғы планға көте­ріл­ген де, Әміре өмірінің басты трагедиясына арқау бол­­ған негізгі оқиға атүсті баян­далған. Со­ның салдарынан фильмде ара-тұ­ра бой көр­­сетіп қалатын Мұстафа Шо­­қай­дың бейнесі мақсаты мен міндеті ай­қындалмай, тү­сініксіз күйде алыс­тан кө­мес­кілене қол бұлғайды. Ер­ке­бұлан Дайыров қанша жерден мықты актер болғанымен де, томағасы сыпырылмаған қы­ран­дай қанатын кеңге жайып, еркін қалықтай алмады. Әйт­се де таланттың аты – та­ла­нт қой, өнер иесінің аз ғана уа­қытқа экранға жарқ етіп шы­ғуы, әсіресе Париж сахнасын­да ән салған Әміренің әніне тол­қып, көзіне жас алуы – Мұс­та­фа­дай қайраткер тұлғаның барлық бол­­мысы мен мұратын, еліне деген сағынышын кө­рер­менінің көз алдына кел­тір­гендей ерекше әсерлі. Бұл – сце­наристің емес, сөзсіз әр­тіс­тің ше­­бер­лігі.

Актер Ер­ке­бұлан Дайыров ойы­­ны ар­қылы экранда ара-тұра көл­бең ете қалатын ұлттың мінезі мен та­би­ғаты өзге уақытта Париж кө­ше­ле­рі мен сахна сал­танатының көлең­ке­сінде елеу­сіз қалғандай.  «…Ән салса, ол өзін-өзі ұмы­тады, ән­нің әуеніне төңке­рі­­леді, оның даусы көмейінен шық­пайды, жүрегінен шы­ға­ды. Ол әннің әр нақысын ұға­ды,  ән­ді ғана сүйеді. Ән салса ра­қаттанып, гүл-гүл жайнайды. Көзі де, аузы да, де­не­сі де, қолы да бірге ән салады. Әмір­­­қан кісі емес, ән­ге айна­лады. …Әмір­қанның киі­мі де, жүріс-тұрысы да жат еді; қазақтың еркіндігін еске тү­­сі­­руші еді…» Замандасы, Әміре Қашау­ба­­е­втың көзін көрген абзал іні­сі Жүсіпбек Ай­мау­­ытов­тан артық әншінің таби­ға­­тын, бү­тіндей болмысын сурет­теп жет­­кізу мүмкін бе?.. Атал­мыш әңгі­ме­мен таныс кез келген көрермен, сөзсіз, аяулы әншісін осы бейнеде, осы мінезде көр­гісі келеді. Біздің де фильмнен күт­кеніміз – қа­зақ әнін Париж көгінде қа­­лық­татқан алапат әншінің ала­пат дау­сы мен дауыс арқылы жүрекке құйы­латын ұлттық рух құдіреті болатын.   Бірақ  қазақтың бүтіндей бол­мы­сын ән табиғатына салып жеткізу бы­лай тұрсын, тіп­ті қазақша мандытып сөй­лей алмайтын актердің Әміре рөлі­не бекітілгенін есті­генде-ақ кү­ді­гіміз қоюлана түскен.

Режиссер Джеф Веспа Әміре рөліне актер Сан­жар Мәдиевтің таңдалуын  оның ағы­л­­шын тілін жетік мең­ге­руі мен сырт­қы сым­батына бай­­ланысты деп тү­сін­ді­реді. Ал актердің өзі болса, Әміре бей­­несіне келу аса зор жа­уап­­кер­ші­лік жүктеп, бұ­рын-соңды жа­саған жұ­мыс­та­ры­на қарағанда әлде­қай­да көп ізденісті талап еткенін айтады.  Рас, Санжар Мәдиевтің бұған дей­ін­­гі шығармашылық жұмысымен жі­ті таныс адам ак­тердің әр рөліне үл­­кен дай­ын­­дықпен келгенін көрер, бі­­лер, сезер еді. Бірақ кейбір сәтт­е, та­­лант­тан бөлек, актер жа­нының кей­іпкер та­би­ға­ты­мен үндесуі деген жә­не бір ұлы ұғымның қатар жү­ре­ті­ні бар. Сан­жардың Әміре бей­н­е­сін­де «өмір сүре алмауының», қа­­был­­дан­бау­ының бас­т­ы се­бебі де осында болса керек, біз­д­іңше. 

Иә, қаланың «гламур» ба­ла­сы Арқаны, тіпті әлем­ді әнімен әлдилеген дала ба­ласының бейнесін же­тк­і­зуде рөлінен тосырқағаны бай­қалады. Домбырасын еркін қаға, жанын салып көсіле ән салатын қазақтың еркіндігі мен тынысы, жалпы тереңдігі актер бойында кемшін түсіп жатқандай. Ол – әншінің аузын ашуы мен домбыраны қағуы, әнді сезінуі мен жет­кізуі – қай жағынан келгенде қала­лық Санжардың далалық Әмірені жатыр­қап тұрғаны анық сезілді. Ән орындауында әнмен қатар сөйлеп тұрар актер жүзіндегі мимика мен қозғалыс, музы­каны сезіну күйі – барлығы да тым жасанды.

Өнер иесінің дәстүрлі ән мен дәстүрлі аспапта ойнауда тәжі­ри­бе­сінің тым аз екені көзге көрініп-ақ тұр.  Мұның бар­­лығы актерге Әміре бей­не­­­сінде өз деңгейінде көрі­нуі­не ай­тар­лықтай зардабын тигізді.  Сонымен қатар фильмге таңдалған әндер де әншінің толықтай дауыс мүм­­кіндігін ашып көрсете алмады. Қа­рағандылық дәстүрлі әнші Сер­жан Мұсайынның даусымен жет­кен Әміре әні байқауға қатысқан өз­ге ұлт әншілерінің репертуарымен салыстырғанда, мойындау керек, өте әлсіз

. Тіпті актерлік ойынға кел­­генде де британдық актер Бен Алд­­ридж бен аустралиялық актриса Эбби Корништің із­де­нісі, ішкі орга­никасы да көп жағдайда бас кей­іп­кер ойы­нын көмескілендіре бер­ді. 8 шақырым қашықтыққа еркін жете­тін (Жүсіпбек Еле­беков) алапат дау­сымен күл­лі Еуропаны таңдай қақ­қы­зып, мойындатқан Әміре­нің мүм­­­кіндігі кино тілінде мүл­­дем ашыл­­мады сөйтіп. Әри­­не бұл жерде ән­ші­ні кінәлау­дан аулақпыз. Де­сек те, кино- ту­ындының музы­ка­лық ре­дак­­­­тор­лары Сержан Мұ­сай­ын­ның үнін­­­дегі барлық бай­лық­ты – дауыс мүм­кін­дігін  шығарып алу­ға та­л­пын­ған­да, Әміре бейнесі экранда бұдан да гөрі жар­қырай көрінер ме еді деген және бір ізгі тілек кетті ішімізде. «Біткен іске сыншы көп» дей­міз. Ол рас

. Жасалған қо­мақ­т­ы жұмыстың қай кезде де кемшілігі бірінші көрі­не­ді. Әйтсе де, «Әміре» фильмін бір­­­ден жоқ­қа шығарып, іске ал­­ғысыз етіп тас­тау өнерге жасал­ған қиянат бо­лар еді. Осы тұрғыдан келгенде, «Әмі­ре­­нің» артықшылықтары да жетерлік.  Ол – ең бірінші, жоғарыда атап өт­ке­німіздей, фильмнің көркемдік һәм тех­никалық түсі­рілу сапасы. Кино­ту­ын­­дыда оқиға орны айтар­лық­­­тай жиі ауыспағанымен, оқи­­ғаның басым көпшілігі не­­гізінен бір ғана театр мен қо­нақүйдің ішінде өрбіп, фи­­льм-спек­­такль жанрында тү­сі­рілгендігіне қара­­мастан, туын­­дыда  гол­ли­вуд­тың қолтаңбасы ай­қын кө­рі­нед­і.

(Өкініштісі – ұлттық үн жоқ). Екіншіден, кеңес дәуірі кезеңіндегі қазақ зиялыларына көрсетілген қысас әре­кет­тер мен қазақты өздерінен тө­­­мен санап, жабайыға те­ңей­тін па­сық пи­ғылдың аме­ри­калық режис­сер­лер­дің көз­қарасында ашық та ер­кін көрсетілуі. Бұл да өсіп келе жат­қан ер­кін ойлы жаста­р­дың тәуел­сіз пікірі­нің қалып­та­суына ықпал ете­тіні сөз­сіз.   Үшіншіден, Әміредей қа­зақ­тың біртуар перзентіне әлем назарын ауда­руға ба­ғыт­талған алғашқы тал­пы­ныс­­тың жасалуы. Аталмыш фи­ль­­м­нің түсірілуіне кино­өн­ді­рістің отаны – Голливуд  ре­жис­серлерінің қы­зы­ғушылық танытуы. Осы арқылы «Әмі­ре» фильмінің таралу ауқымы ке­ңей­іп, әнші есімін әлемге танытуда жақсы мүмкіндіктің ашылуы деп ой­лаймыз. Әйтсе де шетелдік мамандар­мен жұмыс істегенде сценаристің не­гі­зінен қазақтың төл тарихын же­тік бі­луіне баса назар ау­дарылса деген ті­легіміз де қыл­тияды көңіл түк­пі­рін­де.

Се­бебі көркем фильм қандай дең­­гей, қандай жағдайда түсі­ріл­се де, қа­зақ тұлғасы жайлы сөз болғаннан кей­ін туындыдан қазақтың иісі аңқып тұ­руы тиіс.  Сондай-ақ көркем шын­дық пен тарихи шындық ара­сындағы алтын ор­таның сақ­талуы да –  ұлттық кино­ту­ынды үшін аса маңызды жайт­­тың бірі. Осы тұрғыдан кел­генде, бұл фильмнің тағы бір әттеген-айы қия­л­дан ту­ын­даған көркем шындыққа ба­­сым­дық берілу алдыңғы қа­тарға шы­ғып, әншінің на­ғыз өмірінің тарихы мен тау­қым­еті кадр сыртында қалып, тек титрмен шектелуі болды.  Төртіншіден, қазақтың қай­рат­кер тұл­ғаларының өмі­рі мен өнерінің, ұл­тына сіңірген ерен еңбегінің  кино тілін­де тас­палануына тұңғыш рет Әли­­­дар Өтемұратов сияқты тәу­­елсіз про­­дюсерлердің де­­меу­шілік көрсетіп, фи­­ль­м­нің жарыққа шығуына шын мә­нін­дегі жанашырлық та­­ны­туы.

Қалай десек те, қа­зақ киносы, әсіресе тарихи жанрдағы фильмдер қай жа­ғы­нан да қолдауға зәру. Қал­талы азаматтардың қа­зақ өне­рі мен тарихына кезіндегі Есенқұл Маман бай секілді осылай қам­қорлық танытып, қолдауы – қазақ ки­ноөнерін жаңа белеске шығуына жол ашары сөзсіз. Себебі кино түсіру –  тікелей қаржыға тәу­ел­ді кәсіп.

Сон­дық­тан да Әлидар Өте­мұ­ратовтың бұл ең­бегі қай жағынан да үлкен құрметке лай­ық.  Кино түсіру барысында  кет­кен азды-көпті кемші­лік­тер­ді ескермеген­де, жалпы, фильм бар (Ал кет­кен кем­­шілік болашақта әнші жай­лы тү­сі­рілер келесі фильмнің ізде­ні­сіне сабақ болуы тиіс). Қазақтың кино­ше­жіресіне Әміре Қашаубаевтай ұлт арысының өмірі мен теңдесіз өнері­нен сыр қозғайтын алғашқы көр­кем­ туын­ды келіп қосылды. Басты жеңіс осы! 

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»

 

[:]