[:kz]
АН-26 ұшағы өткен жылы Украинада құлаған еді. Сол кезде Украина президенті әуе апатының себебі анықталғанға дейін АН-26 ұшақтарын көкке көтеруге тыйым салған. Әзірге бізде мұндай тапсырма берілер-берілмесі белгісіз.
Алматы әуежайы, 13 наурыз 2021 жыл
Nege.kz тілшісі апатты оқиғалардың тізімін түзіп көрді.
25 қыркүйек 2020 жыл.
Ан-26 ұшағы Украинаның Харьков облысында апатқа ұшырады. Бортында 7 экипаж мүшесі және 20 курсант болған. 25 адам опат болып, 2 курсант аман қалған. Бірақ оның бірі ауыр күйіктен ауруханада қайтыс болды.
Харьков
22 тамыз 2020 жыл.
Оңтүстік Суданда South West Aviation әуекомпаниясына тиесілі Ан-26 ұшағы құлады. Әуе кемесі Джубыдан Вау Авейль елдімекеніне ұшып шыққан. Борттағы 8 адамның тек біреуі ғана аман қалды.
Судан
24 желтоқсан 2018 жыл.
Конго Демократиялық Республикасының Бени провинциясында әуежайға қонатын кезде құлап қалды. Бортындағы 60 әскери қызметкердің 40-ы жедел ауруханаға жеткізілді.
Бени
20 желтоқсан 2018 жыл.
Тағы сол Конгода GomAir әуекомпаниясының Ан-26 ұшағы халықаралық Нджили әуежайына 40 шақырым жерде апатқа ұшырады. Ұшақты сайлауға қажетті жабдықтарды жеткізу үшін Ұлттық тәуелсіз сайлау комиссиясы жалдаған. Бортындағы 23 адамнан бөлек 3 экипаж мүшесі (Ресей азаматтары) қаза болды.
Конго
6 наурыз 2018 жыл.
Сирияның Хмеймим әуежайында Ресей Қорғаныс министрлігінің Ан-26 ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ қону жолағына небәрі 500 метр жетпей құлаған. 33 әскери қызметкер мен 6 экипаж мүшесі көз жұмды. Қаза болғандар арасында 1 генерал-майор бар.
Сирия
14 қазан 2017 жыл.
Уагадугудан (Буркина-Фасо) Абиджанға (Кот-д’Ивуар) Молдованың жүк тасымалдайтын Ан-26-100 ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады. Бортта 10 адам болған, төртеуі қаза тапты.
Буркина-Фасо
30 мамыр 2017 жыл.
Ан-26 әскери ұшағы Краснодар жоғары авиациялық мектебінің оқу-жаттығу базасының әуежайында құлаған. Бір сарбаз қаза тауып, бес адам медициналық мекемеге жеткізілген. Оқиға жаттығу рейсі кезінде болған.
Саратов
29 сәуір 2017 жыл.
Куба Қарулы күштерінің Ан-26 ұшағы құлады. Плайя Баракоа әуежайынан көтерілген ұшақ Баутаға жетпей радардан жоғалып кеткен.
Оқиға салдарынан экипаж мүшелерінен бөлек, борттағы 8 адам түгел қаза тапты.
Куба
30 сәуір 2016 жыл.
Ан-26 Суданда апатқа ұшырады. Ұшақ қона алмады. Экипаж мүшелері және 6 адам көз жұмды.
9 наурыз 2016 жыл.
True Aviation әуекомпаниясының Ан-26 тасымалдаушы ұшағы Бангладеш жағалауында теңізге құлады. Әуе кемесі Кокс-Базар және Джессор қалаларының аралығында ас шаяндарын тасымалдауға пайдаланылған. 4 экипаж мүшесінің тек біреуі ғана аман қалды.
Бангладеш
18 қаңтар 2015 жыл.
Сирия әскери-әуе күштерінің Ан-26 ұшағы Абу-Духур әуежайына қонған кезде апатқа ұшырады (Идлиб провинциясы, Сирия). Ұшақтағы 30 адам түгел қаза тапты.
28 желтоқсан 2014 жыл
Конго Демократиялық Республикасының аумағында украиналық SIRIN әуекомпаниясының Ан-26 жүк ұшағы құлап қалды. Ұшақ Энтеббе (Уганда) – Пуанте-Нуар (Конго Республикасы) бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Апат салдарынан экипаждың 6 мүшесі қаза тапты, оның бесеуі – Украина азаматтары.
Конго
21 ақпан 2014
Ливияның Ан-26 әскери ұшағы Тунис әуежайына жетпей Набеул провинциясының Громбалия аймағында апатқа ұшырады. Ұшақ бортындағы 11 адамның барлығы қаза тапты…
Тунис
Ан-26 – советтік жүк тасымалдаушы әскери ұшақ. Бас конструктор – Олег Антонов. 1952 жылы зауыт Новосібірдегі Чкалов атындағы авиациялық зауытынан бөлініп, Киевке көшірілген. Ан-26 ұшағын құрастыру 1964 жылы басталып, алғашқы ұшақ 1969 жылы мамырда әуеге көтерілді. Бас-аяғы 1400 ұшақ құрастырылды.
Тілшінің тізімі: Соңғы жеті жылда ғана әлемнің әр тұсында он үш Ан-26 құлаған…
[:]