[:kz]
Ол instagram-дағы жеке парақшасына видео жариялап, кітаптың тәржімасын түкке тұрғысыз қылған болатын, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Оқып отырған кітапқа қараңыз. Біріншіден, «Роулингті» «Роулиң» деп аударудың қажеті не?! Одан кейін «Хәрри» деп жазыпты, оны «Гарри» деп жаза салса болмай ма? Неге аттарды өзгерткен? «Пәлсапа тас» деген «философский камень» ғой. «Философия» деген халықаралық сөз, оны «пәлсапа» деп аударудың не қажеті бар? Мынаны кім аударған? «Хәрридің бағына орай, Хәрмиона…» дегеннің орнына «Гарридің бағына орай, Гермиона…» деп қалдыруға болмай ма? Тілді құртып, қиындатып… Өзі әрең түсініп жатқан кітапты балама одан әрі қиындатқаны несі? Түсінбеймін осы. Шаш ал десе, бас алатын мамандар», — деді Айқын Төлепберген.
Әйтседе желіде отырған тіл мамандары, ағылшын тілін жетік білетін өзге оқырмандар Айқынға бірден тап берді.
Олар әншінің айтқандарымен мүлдем келіспейтінін әрі кітаптың түпнұсқадан, яғни ағылшын тілінен тікелей аударылғанын түсіндіріп баққты.
«Аудармасы өте дұрыс, мамандар ағылшын түпнұсқасынан аударған. Ал сіз орысшасына құлағыңыз үйренгендіктен анайы болып естіліп тұр», «Айқын аға, одан да әніңізді айтып жүре беріңізші. Rowling деген орыстың тегі емес, ағылшын әйел, РоулинГ емес, Роулиң деп оқылады. Harry деген Гарик Харламов емес, Хәрри деп оқылады. Босқа ұятқа қалмай, кішкене біліп барып, зерттеп барып сын айту керек шығар?»
«Дұрыс қой енді. Ағылшынша Хәрри болып айтылады. Гарри деп орыс тіліне ыңғайлап айтады. Ағылшын тілінде ң және ә дыбысы бар, ал орыс тілінде ондай дыбыстар жоқ. Сондықтан орыс тілінде ол дыбыстарды басқа дыбыспен алмастырады.»
«Кім аударса да тамаша аударған! Ағылшынша да, қазақша да сауатты маман жасаған. Орысшаға үйреніп кеткендер ана тіліндегі таза дыбысты қабылдай алмайды. Ал негізі нағыз аударма осылай жасалады»
«Айқын мырза оданда ағылшын тілін үйреніп алыңыз, сосын өзіңіз орысша аралстырмай сөйлеңіз»
«Сен тіл маманы емессің.сондықтан ақыл айтудың қажеті жоқ.», деген сияқты пікірлер қарша борады.
[:]