[:kz]
Ләйлә Сұлтанқызы араб жігітіне тұрмысқа шыққан қазақ қызының жағдайын айтты. Тележүргізуші өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қызды қолдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі
Желіде қазақ қызының араб жігітіне тұрмысқа шыққан сәті қызу талқыға түсті. Қалың малға 10 миллион теңге берген күйеу жігіттің әрекетін көпшілік хайп деп бағаласа, енді бірі қолдау көрсетті. Өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қызға қарсы шыққандар да бар.
Ал тележүргізуші қазақ қызының таңдауына құрметпей қарайды. Бастысы, ұлт емес, әйелдің бақытты болуы маңызды деген пікірде.
“Терезесіне тас лақтырыпты. Желіде араб жігіттің қазақ қызына 10 млн қалың мал берген сәтінен видео тарап, халықты біраз шулатып еді. Сауд Арабиядан Динара үшін көшіп келген жігіттің есімі Сұлтан Азиз. Екеуі Дубайда танысқан. 2 жылдай жігіт-қыз болып жүріп, жақында үйленді. Динараның анасы, ағасы және туыстары ешқандай қарсылық білдірмеген, бірақ әлеуметтік желіде Динараға буллинг, кибербуллинг жасалған. Бірі анаң мен ағаңды пышақтап кетемін деп қорқытса, бірі түнде терезесіне тас лақтырады екен. Жас, бой, ұлтта тұрған не бар, бастысы әйел бақытты болғаны емес пе?”, деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
“Не де болса, қандасымыз бақытты болсын. Екі жас бақытты болсын”, “Қазақ қазаққа шыққаны дұрыс қой барынша”, “Мұсылман болса, қыз шынайы бақытты болса болды”, “Қазақ жігітіне тұрмысқа шықты, бақытты болса қызын алып үйіне келмес еді ғой. Араб жігіттімен бақытты болсын”, “Бақытты болсын ! Өз өмірі ғой, қалай сүрем десе өзі еркі”, “Бақытты болуға әр адам лайық! Бақыт ұлтқа, дінге, тілге, нәсілге бөлінбейді!”, “Анасы не үшін бас иді?”, – деп жазды желідегі оқырмандары.
[:]